Қызылордада облыс спортшыларына құрмет көрсетілді

ЗЫЛОРДА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада жыл көлемінде жоғары табыстарға жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсету рәсімі болды.
None
None

Оларды облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаев қабылдады.

Үстіміздегі жылы Сыр бойының спорт саңлақтары спорттың әр түрінен әлем және Азия чемпионаттарына қатысып, ұзын саны 25 медаль алып қайтты. Олардың он бірі алтын болса, төртеуі күміс, қалғаны қола медаль. Бұдан басқа, қызылордалықтар ел біріншіліктерінде 340 медаль алса, олардың 124-і алтын, 77-сі күміс және 139-ы қола медаль болды.

Қабылдауда облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Тәуелсіздікке 20 жыл мерекелік медалімен марапатталған спорт­шылар мен жаттықтырушыларға оны салтанатты жағдайда табыс етті. Ол сондай-ақ облыс спортының дамуына үлес қосқан бір топ спорт мамандары мен саңлақтарына облыс әкімінің Құрмет грамо­тасы мен Алғыс хатын тапсырды.

Құрметке бөленгендер атынан сөз алған облыс­тық спорт шеберлігі мектебі ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушысы Вилорий Пак, еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Нияз­беков жасалып жатқан құрметке алғыс айта келіп, облыс спорт­шыла­ры келешекте де биік белестерден көріне беретінін жеткізді.

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаев Лондон олим­пиадасына жолдама алған жерлесіміз Дәулет Ниязбековке пәтер кілтін табыс етті. Шара барысында биылғы жылы Әлем және Азия чемпио­наттарында жүлдегер атанған спортшыларға ақшалай сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар