Қызылордада оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында мектептердің бірінде оқушылар төбелесіп, олардың біреуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 сәуірде облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған.

«Пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізіліп, оған дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, ол үйіне қайтарылды. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасының қарауына тапсырылды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мектептерде жалған мәліметтер енгізіп, қаражатты қолды еткен мамандар анықталды.


Соңғы жаңалықтар