Қызылордада оқушыны мектепке дайындауға қанша қаражат кетеді

Жергілікті тұрғындар оқушыларға киім, оқу құралдарын арнайы сауда үйлері мен базардан сатып алады.
Қызылордалықтар ұл балаға костюм-шалбарды 15-20 мың, жейдені 3 мың, галстукты 500, күртешені – 15-20 мың, туфлиді – 6-15 мың теңгеге алса, футболкаға – 2-3 мың, спорттық киімге – 8-12 мың, спорттық аяқ киімге 6-10 мың теңге жұмсайды.
Жиынтық сома – 55,5 - 80 мың теңге;
Ал қыз балаға пиджак пен белдемше (комплект) 12-15 мың, көйлек – 3-4 мың, сарафан – 7-8 мың, туфли – 7-8 мың, бантик – 500-800, футболка – 2,5 мың, спорттық киім – 8-12 мың, спорттық аяқ киім – 6 мың, ақ колготки 1,5-2 мың теңге тұрады. Жиынтық сома – 47,5- 58,3 мың теңге;
Қызылордада кеңсе тауарларының бағасы төмендігіше: сөмке 3-10 мың теңге тұрса, қаламсап – 30-60, қарындаш – 40-50, өшіргіш – 40-50, жұмсақ пенал – 500, ұштағыш – 60-70, сызғыш – 70-120, тор көзді дәптер – 20-30, қисық жол дәптер – 20-30, кітапқа арналған қаптағыш – 150, мұқабасы қатты күнделік – 400-800, дәптерге арналған қаптағыш – 85-100, акварель бояулар – (12 түс) – 450-550, қылқалам жиынтығы – 450-850.
Түрлі түсті қарындаш (12 түс) – 450-795, сурет салуға арналған альбом (20 бет) – 300-400, фломастер (12 түс) – 700-800, қайшы – 250-350, желім – 250, түрлі-түсті қағаз (8 түс) – 200-400, ермексаз (8 түс) – 600-750 теңге.
Еске салсақ, бұдан бұрын өскемендік ата-ана баласын мектепке дайындау үшін қанша теңге жұмсайтыны жайында жазған едік.