Қызылордада өнеркәсіп нысандары санитариялық нормативтерге сәйкес болмай шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада өнеркәсіп нысандарында тексерілген 429 жұмыс орнының 16,7%-ы санитариялық нормативтерге сәйкес болмай шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада өнеркәсіп нысандары санитариялық нормативтерге сәйкес болмай шықты

Тексеру барысында жарықтаныру, шу, дірілге қатысты нормативтердің орындалуы назарға алынды. Нәтижесінде жарықтандыру бойынша 171 жұмыс орнының 66-сы талапқа сай емес болып шықты. Ал шу деңгейі бойынша 87 жұмыс орнының 10-ы белгіленген қағидаларға жауап бермеді.

«Облыста биылғы жылдың 6 айында улану мен ауру жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Бүгінде жұмысшыларды арнайы киіммен және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай жақсарған», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының кәсіпорындарынан еңбек жағдайын өндірістік зертханалық бақылау деректерін жыл сайын жинақтау жүйесі ұйымдастырылды. Бұл облыс кәсіпорындарындағы еңбек жағдайына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ауыз су сапасынан кемшіліктер табылды.