Қызылордада Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында «Орталық қазақ бейіті» аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті

Өрт бүгін 12.30 шамасында тұтанған. Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған.

«Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», - деді өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Бекзат Макулов.

Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.