05:04, 09 Сәуір 2021 | GMT +6
Қызылордада өртенген пәтерден жеті адам құтқарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында пәтерден шыққан өрттен жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 8 сәуір күні 14.35 кезінде облыс орталығындағы «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде болды.
Өрт сөндірушілер оқиға орына дереу жетті.
Өрт сөндірушілер күшімен қызыл жалын ортасынан 7 адам құтқарылды.
Төтенше жағдай салдарынан пәтер ішіндегі асхана және қонақ бөлмелері өртенді.
«Тілсіз жау толығымен сөндіріліп, оған өртке қарсы қызметтен 17 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.