Қызылордада өрттен 28 адам құтқарылды
Оқиға орнына «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі құрамында бес қызметкері бар 1 өрт автокөлігі оқиға орнына 5:18 минутта жетті. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында тұрғын үйдің бесінші қабатын қою түтін басып, дәліздің жанып жатқандығы анықталды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шұғыл қимылдап, автосаты арқылы 28 адамның өмірін сақтап қалды. Қала берді, төменгі қабаттың 35 адамы да қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке Кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі өртке қарсы қызмет майоры Н.Исанов жетекшілік етті. №12 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт автокөлігі 6 қызметкері көмекке келді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың шапшаң және нақты іс-әрекеті нәтижесінде өрт 5:50 минутында толығымен сөндірілді. Адам шығыны болған жоқ.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.