11:25, 27 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қызылордада отбасылық жатақханада өрт аумағы 1000 шаршыметрді шарпыды
ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қызылордада 26 қыркүйек күні 16 сағат 15 минутта жекешелендірілен отбасылық жатақханада үйдің төбесінде өрт шықты.

Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Қызылорда облысы ТЖД-нің 27 адамнан құралған жеке құрамы және өрт сөндіру қызметінің 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 1000 шаршыметрді қамтыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.