Қызылордада өтетін агрофорумда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді субсидиялау мәселелері талқыланбақ

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қызылордада 13 ақпанда «Агрофорум 2013» шарасы өтеді.
None
None

Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылбек Мамытбеков, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболовтың қатысуы жоспарланып отыр. Онда аймақтың ауыл шаруашылығын техникамен және минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту жолдары мен азық қорын жасақтау, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тауар өндірушілерді субсидиялау сияқты өзекті мәселелер талқыланбақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі және ғылыми-өндірістік салалардың табыстары көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар