Қызылордада оттегі станциясы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы ауруханасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оттегі станциясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов арнайы келіп қатысты.
«Бұл станция Қазалы ауданынан бөлек, көршілес Арал, Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы емдеу орындарын оттегі жабдықтарымен қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбитбек Пазылов дәрігерлер қолдау көрсеткен аазаматтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Мамандардың айтуынша, станцияда техника қауіпсіздігі толық ескеріліп, автоматтандырылған заманауи құрылғы бойынша дайындалады. Оттегі станциясы сағатына 40 текше метр оттегі шығарады. Шамамен сағатына 6, тәулігіне 120 баллон өндіреді. Оттегінің тазалығы - 99.5%. Ол медициналық талапқа толық сай келеді.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласында 200 адамға арналған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүргізілуде. Көпбейінді облыстық ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханасында демеушілер есебінен оттегі станциясы салынуда.
Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда облысында 26 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі.