Қызылордада өзгеше тротуар плиталарын шығаратын цех іске қосылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада әдеттегіге ұқсамайтын өзгеше тротуар плиталарын шығаратын жаңа цех ашылып, іске қосылды.
None
None

Бұл кәсіпорын сонымен бірге үйдің төбесін жабатын черепица атты шатырды да дайындайды. Оны қаладағы «Ыбырайхан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражатымен салып шықты.

Өзгеше цехтың тағы бір ерекшелігі, ол бұйымдары үшін керекті шикізатты әртүрлі қалдық заттардан жинастырады. Атап айтқанда, бұған бос баклажкалар, целлофан қалталар, ескі пластмасса ойыншықтар мен полиэтилен бұйымдардың барлығы жатады. Жаңа цех енді осындай қалдықтарды қабылдайтын бекеттер де ашып жатыр. Бұлардың бәрі қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар