Қызылордада патриоттық әндер фестивалі ұйымдастырылды

ЗЫЛОРДА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн аясында патриоттық әндер фестивалі болды.
None
None

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған ән жарысы «Отан деп соққан жүректер» деп аталды.

Фестивальге 24 талапкер әнші қатысты. Ән сайысының мақсаты қазақстандықтар бойындағы отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді жаңғырту, мемлекеттік тілдің мәртебесін орнықтыруға үлес қосу болды. Отанымыздың қадір-қасиетін паш ету, Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерінің жарқын мысалын, жасампаз істерді, азаматтардың қажырлы еңбегін, іскерлігін арқау ете отырып жырлау күн тәртібіне қойылды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Оның біріншісінде патриоттық әндер айтылса, екіншісінде еркін тақырыптағы әндер шырқалды.

Соңғы жаңалықтар