Қызылордада полицейлер аттракционның жоғары бөлігінен секірмек болған адамды құтқарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер демалыс паркіндегі аттракционның ең жоғары биіктігінен секіріп суицид жасамақ болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл оқиға 26 тамызда түнгі уақытта болды. Белгісіз азамат полицияға хабарласқан. Онда қалалық мәдени-демалыс паркіндегі аттракционның ең жоғары биіктігінен секіріп, өзін-өзі өлтіретінін айтқан.

«Дереу оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Бақытжан Досмағамбетов пен жедел уәкіл, полиция лейтенанты Айдос Амангелдиев аттракционның жоғары жағына шығып кеткен адамды көрді.

Полиция қызметкерлері әлгі азаматпен келіссөз жүргізіп, райынан қайтарды. Артынша темір баспалдақпен жоғары көтеріліп, оны жерге түсірді. Осылайша тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Өзін-өзі өлтірмек болған азаматтың жеке басы анықталды. Ол Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Оның ішімдік ішкені белгілі болды. Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Сырдария өзенінің ортасында қалып қойған екі бала құтқарылған еді.


Соңғы жаңалықтар