Қызылордада полицейлер кісі өлімін ізін суытпай ашты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жергілікті тұрғын жанжал салдарынан алған пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 29 наурызда Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде болды.

Облыс орталығының екі тұрғыны спирттік ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланған. ​

Ішімдік ішкен екеудің арасында жанжал туындаған. Әбден мас болған күдікті азамат танысының аяғына пышақ жарақатын салған.

Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болған.

«Полиция қызметкерлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынның бұрын сотталғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Сот сараптамасы тағайындалды.​ ​Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін сот шешімімен сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ​ ​

Сондай-ақ, ағайындылар Қызылорда облысының мешіттерін тонап келгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар