Қызылордада полицейлер жоғалып кеткен бүлдіршінді тәулік ішінде тауып берді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полицейлер белгісіз бағыттқа шығып үйіне қайта оралмаған бүлдіршінді тәулік ішінде тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада 12 маусымда 7 жастағы бүлдіршін таңғы 8:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған.
«Бұл жөнінде жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына хабарласқан. Онда 7 жастағы баласының ойнап жүріп, үйіне қайта оралмағаны туралы айтылған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері,Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздары және еріктілер баланы іздеуге жұмылдырылды. Полицейлер жүргізген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін аман-есен табылды, ол ата-анасына табысталды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полицей суға батып бара жатқан жігітті құтқарды.