Қызылордада полиция қызметкері жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық прокуратурасы полиция қызметкерінің ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облыстық прокуратурсына сілтеме жасап.
None
None

Жергілікті криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартуға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндірген. Осылайша қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен.

Жалған куәгердің көрсетуі бойынша полиция қызметкері осы айла-шарғыға қатысқаны үшін сыйақы беруді уәде еткен.

«Бұдан бұрын азамат Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған. Соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 416-бабы 3-бөлімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерінің бас бостандығы екі жылға шектелді. Үкім заңды күшіне енді», деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаға зиян келтірген жергілікті тұрғынға айыппұл салды.

Ал танысының атынан несие алған қызылордалық жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар