Қызылордада полиция қызметкерін пышақтап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында полиция қызметкерін пышақтап кетті. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Деректі облыстық Полиция департаменті растады. Оқиға қаланың Титов мөлтек ауданында болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 6-тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Онда адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық жағдайы көрсетілген. Бұған байланысты жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жария етуге жатпайды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Еске салсақ, 30 шілдеде сүйген қызын қарата алмаған Қызылорда тұрғыны өзін жағып жібергені туралы жазған болатынбыз. Қазір ол ауруханада, жағдайы ауыр.


Соңғы жаңалықтар