Қызылордада полиция түнгі ойын-сауық орындарынан кәмелетке толмағандарды анықтау шарасын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-24 қаңтар аралығында облыста мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау қылмысының алдын-алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату, олардың түнде ойын-сауық орындарында болуын анықтау.
Шара барысында полиция қызметкерлері түнгі уақыттарда ойын-сауық орындары, демалыс орындары, сауда үйлері және дүкендерде рейд ұйымдастырады.