Қызылордада полицияның көмегімен банкоматтар инкассацияланып жатыр

Қызылорда облысының Полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бағытында барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда. Өңірде 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимі жарияланған. Соған байланысты негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. Облыста 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Аталған уақытта Ішкі істер органдарына 391 адам жеткізілді, Олардың әрқайсының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде 5 блок бекет қойылды. Ал 7 ауданда 23 блок бекет орналасқан. Онда тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Арнайы техникамен қамтамасыз етілген.
«Аймақта жедел ахуал тұрақты. Әкімшілік ғимараттар, наряд, блок посттар қарулы күзетпен қамтамасыз етілді. Көшедегі жағдай бақылауда. Мемлекеттік, банк, басқа да ұйымдар жұмысы қалпына келді. Төтенше жағдайға түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымды айтамын. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз», - деді Қызылорда облысының коменданты полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.
Еске салсақ, Қызылордада тәртіпсіздік кезінде төтенше жағдайлар саласының ғимараттары зақымдалған жоқ.