15:45, 10 Сәуір 2021 | GMT +6
Қызылордада пышақ жарақатымен ауруханаға 16 жастағы жасөспірім түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қазалы ауданында тіркелген. Аудандық полиция бөліміне жасөспірімнің дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Анықталғандай, белгісіз адам 16 жастағы жігітке пышақпен жарақат салған.
«Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде пышақ жарақатын салған күдікті – 16 жастағы жасөспірім анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-бабының 2-бөлігі 14-тармағымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.