13:38, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Қызылордада республикадағы алғашқы оңалту орталығы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -Қызылорда қаласында қарттар мен мүгедектердің интернат-үйі жанынан өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға арналған "Мейір" оңалту орталығы есік ашты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оңалту орталығы қадағалаусыз қалған балаларды үш ай мерзім ішінде жан-жақты күтімге алады, оқытады. Бұдан соң оларды ата-анасына не басқа да тиісті орындарға табыстайды. Бұл үшін арнайы психолог мамандар, әлеуметтік педагогтар және дәрігерлер қызмет етеді. Орталық әзірше он бес орынға арналған - асхана, демалыс, жатын орындарымен жабдықталған. Осы мақсатқа бюджеттен тыс қаржы көздерінен 6 млн. теңге бөлініп отыр.