19:00, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Қызылордада республикалық айтыс мәреге жетті
ҚЫЗЫЛОРДА.10 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда бүгін Сыр бойындағы бас қаланың ірге қалағанына 195 жыл толуына және «ҚазГерМұнай» БК-ның 20 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы болып өтті.

Суырыпсалма ақындар додасына еліміздің танымал Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Нұрмат Мансұров, Әбілқайыр Сыздықов, Бекарыс Шойбеков, Серікзат Дүйсенғазин, Әсем Ережеқызы, Айтбай Жұмағұлов, Иранғайып Дүйсенбаев, Дидар Қамиев секілді 10 ақын қатысты. Қорытындыда айтыстың бірінші орнын Дидар Қамиев жеңіп алып, 2 млн. теңге олжалады. Ал Әсем Ережеқызы мен Нұрмат Мансұров әрбіріне 1 млн. теңгеден сыйы бар екінші орын еншіледі. Үшінші орынға лайықты деп табылған Серікзат Дүйсенғазин, Әбілқайыр Сыздықов, Сара Тоқтамысова 500 000 теңгеден алды.