Қызылордада республикалық көктемгі оқу-жаттығу жиыны болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Үстіміздегі жылғы наурыз айының 3-5-і аралығында Қызылорда қаласында "Көктем-2009" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шара тасқын үдеген қолайсыз жағдайда туындайтын төтенше жағдайлардан құтқару және оның зардаптарын жоюдағы жедел жұмыстарға дайындық жасауға арналды. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қаладағы №101 мектепте көшіру қосындарының, облыстық медициналық орталықта алғашқы дәрігерлік көмек көрсету отрядының жұмыстарын пысықтады. Сонымен қатар Тасбөгет кентінің орталық алаңында апаттан құтқару қызметінің дайындығы тексерілді. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов қатысып, сөз сөйледі. Оқу-жаттығу жиынына облыс бойынша 47 құрылымнан 917 адам, 163 техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары аясында 2 адамға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілсе, 400 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ 200 метр теміржол, 8,3 шақырым электр, 2,1 шақырым байланыс желісі, 1 көпір, 10,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтіріліп, 800 метр автомобиль жолы биіктетілді, 5 өрт оқиғасы ауыздықталды. Мұз көшкінін ыдырату мақсатында 3 жарылыс жасалып, 1,6 тонна жарылғыш заттар пайдаланылды. Осы жұмыстарға кеткен шығын 2,5 млрд. теңгені құраса, төтенше жағдайлар жұмыстарына бөлінген облыс әкімінің биылғы жылғы резерві 100 млн. теңгеге жуықтайды. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының ғимаратында өткен селекторлық мәжілісте қорытындыланды.
Соңғы жаңалықтар