Қызылордада салық қызметкерлері жарысқа түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт ке­ше­нінде облыстық салық департаменті қызметкерлерінен жасақталған командалар арасында жарыс өтті.
None
None

ҚР Салық қызметінің құрылған күніне орай ұйымдастырылған ша­рада аудандық бөлімдердің қызметкерлерінен құрылған командалар спорттың 4 түрінен өзара күш сынасты. Қыздар арасында болған дартс және дойбы ойын­дарының қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылорда қала­сының командасы жеңіп алды. Екінші орынға Қармақшы мен Арал командалары шықса, үшінші орынға қазалылықтар орналасты. Кіші фут­болдан бірінші орын Қызыл­орда, екінші орын Сырдария ауданы командасына бұйырды. Yшінші орын иегері Қармақшы ауданының командасы. Спорттық жарыстың жеңімпаздары арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спорттық сайыстардан бөлек осы күні салық қызметкерлері мәдени шаралар да ұйымдастырды. Мектеп оқушылары арасында «Са­лық бүлдіршіндер көзімен» атты қылқалам шеберлерінің байқауына №233, №23, №140 білім орда­ларының 150-ден астам жас сурет­шілер қатысты. Олардың еңбек­терін бағалап, төрелік еткен об­лыстық мұражайдың суретшісі Рақым Шегебаевтың айтуынша, үздік 10 сурет ҚР Салық комитетінің арнайы тақтасына қойы­лады.

Соңғы жаңалықтар