Қызылордада селолық тұтынушылар кооперативтері қауымдастығы жыл қорытындысын шығарды

ЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада облыстық селолық тұтынушылар кооперативтері (СТК) қауымдастығы 2011 жылды қорытындылауға арналған облыстық кеңес өткізді.
None
None

Сыр бойында бұл қауымдастық осыдан 6 жыл бұрын елімізде алғашқы болып құрылған еді. 300 мыңнан астам тұр­ғындарды қамтитын 160 құрылымға жеткен тұтынушылар кооперативтері сол кезден бері ауылдың тұрақтылығын, саяси бірлігін сақтап, түрлі қыз­меттер көрсету арқылы тұрғын­дардың күнделікті өмірлік мұң­мұқтаждарын шешуде жергілікті билік органдарына көмек көрсетіп келеді.

Жиында қауымдастық төрағасы Сәмит Далдабаев баяндама жасады. Одан кейін баяндаманы талқылауға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев, ау­дандық ауыл шаруашылығы бөлім­дерінің бастықтары мен ауыл­дық округ әкімдері қатысты. Олар өз сөздерінде биыл атқарылған игілікті жұмыстар жайын қозғады. Yкімет тарапынан заңдастыра отырып шешетін жеңіл­детілген шағын несие, техникалық қолдауды оңтайландыру, елді ме­кен­­дердегі шағын агро­құ­рылымдарды СТК-ға біріктіріп, ірілендіру сияқты проблемалық мәселелерді ортаға салды.

Жиналыста биылғы жылғы аудандарға жасалған талдау қоры­тындысына орай кейбір СТК-лар жұ­мысындағы негізгі олқылықтар туралы да айтылды. Қомақты қаражат қажет ететін іргелі жұмыстарды айтпа­ғанда, әрбір ауылдағы су шаруашылығы жүйелерін жөндеу мен каналдарды тазалау, клуб, емхана, мектеп, балабақша, кеңсе ғимараттарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына коммерциялық ұйым­­­дарды араластырмай, бюд­жеттен жылма-жыл қаралатын қыруар қаржыны игеруді СТК төрағалары мен ауыл әкімдерінің бірлесе отырып шешуге икемдері келмей жатады. Сон­дықтан кеңесте СТК-ға жүк­телетін келелі мәселелерді шешудің бірден-бір жолы - кешенді ұйым­дастыру жұмыстары мен тұрғындар арасында түсіндіру сияқты шара­ларды пәрменді жүргізу қажеттігі атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар