16:00, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылордада Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған «Бақыт құшағында» атты әш кеші өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы М.Ерәлиева атындағы мәдениет үйінде белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Бақыт құшағында» атты ән кеші болып өтті.

Оны мәдениет үйі мен №19 кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды. Кешке қаланың Титов қыстағы деп аталатын бөлігіндегі тұрғындар мен мектеп оқушылары қатысты. Онда композитордың белгілі шығармалары орындалып,ол туралы деректер айтылды.