Қызылордада шілде айында ауа температурасы нормадан жоғары болып тұр

Қазір облыста қатты ыстық көрініс беріп отыр. Күндізгі ауа температурасы 40-44 градус ыстықты көрсетеді.
«Шілде айында өңірде орташа айлық ауа температурасы 27,9-30,3 градусты маңайлап тұр. Ол нормадан 1 градусқа жоғары. Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан аз болады деп болжанған. Ол норма бойынша 3-8 мм болуы тиіс. Қазір облыста қатты ыстық көрініс беріп отыр. Күндізгі ауа температурасы 40-44 градус ыстықты көрсетті. Енді 27-28 шілде күндері ауа температурасы аздап төмендейді. Атап айтқанда, түнде ол 20-25 градусты шамаласа, күндіз 33-38 градусқа жетеді», – дейді «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова.
Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл мен екпінді жел болуы мүмкін. Кейін ауа температурасы қайтадан жоғарылап, сынап бағанасы 44 градус қатты ыстыққа жетеді.
«Ал тамыз айында орташа айлық температура норма шамасында болады. Дегенмен жауын-шашын мөлшері нормадан аз түседі. Ал облыстың батысында ол өз мөлшерінде жауады деп болжанды», - деп сөзін толықтырды ол.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қой бағып жүрген азамат каналға батып кетті.