Қызылордада соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды

Қазір облыста қатерлі дертке шалдыққан 3500 адам есепке алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 227.

Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Оның 6-уы Қызылорда қаласында тұратын болса, 1-уі Жалағаш ауданынан анықталған. Олардың 4-уі мектеп оқушысы болып отыр.

«ПТР талдаулары 5 пациенттен коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуы себепті алынса, 2 науқастан профилактикалық мақсатта алынған. Бір науқаста коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, қалған пациенттерде коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталды», - деді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Айта кетейік, Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған.