Қызылордада су тапшылығынан күріштің едәуір бөлігіне су жетпей қалу қаупі бар

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында Сырдария өзеніндегі су тапшылығынан күріштің едәуір бөлігіне су жетпей қалу қаупі туындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәлімет облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың Қазалы ауданына сапары барысында белгілі болды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары аудандағы Басықара ауылында орналасқан Ә.Тыныбаев атындағы су торабында шаруашылық басшыларымен жүздесті. Егіншілер су жетіспеушілігі салдарынан егілген күріштің бір бөлігі күйіп кетудің алдында тұрғанын тілге тиек етті.

«Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Салауатұлы алдағы уақытта су жетіспеушілік мәселесін болдырмау үшін арнайы жоспарлар жасалып жатқанын жеткізді. «Жалаңтөс батыр» ЖШС бүгінгі күні су тапшылығын қатты сезініп отырған шаруашылықтың бірі. Қазіргі таңда шаруашылықтың 6 ауыспалы егістігіндегі күріш алқаптарына су жетіспеуде. Бұл мәселені шешу үшін шаруашылыққа су келетін «Оң жаға» магистралды каналының бойына 3 насос қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінен.

Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты күріш өткен жылғыдан 5 мыңға жуық аз егілді.


Соңғы жаңалықтар