Қызылордада суицид жасамақшы болған әйел құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада суицид жасауға бекінген 46 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада суицид жасамақшы болған әйел құтқарылды

Оқиға 9 шілдеде сағат 19.12 шамасында болған. Сырдария өзенінің жанындағы көлде 1976 жылғы әйел суицид жасауға бекінген.

«Сол сәтте аталған аумақта жедел құтқару жасағының сүңгуірлік құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Андрей Федосияди мен құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Айдын Балманов оқиға барысынан хабарлар болды. Оқиға орнына дереу жетті. Азаматшаға психологиялық көмек көрсетті. Содан кейін оны жедел жәрдем және полиция қызметіне тапсырды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласында бассейнге суға түсіп, батып кете жаздаған 10 жастағы бала құтқарылды.