12:27, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Қызылордада сұйытылған газ сақтайтын қойманың құрылысы аяқталуға таяу
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласының іргесінде сұйытылған газ сақтау терминалының құрылысын салу аяқталып келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрылысы басталғанына үш жыл болған бұл маңызды нысанның жалпы жобалық құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. "Арал газ" ЖШС қолға алған аталмыш нысан құрылысын Оңтүстік Қазақстан облысының "Бейбарыс" және өзіміздің "Строймаркет" компаниялары жүргізуде. Газ қоймасының атқаратын негізгі жұмысы сұйытылған көмірқышқыл газын теміржол арқылы тасымалдауды жүзеге асыру. Сонымен бірге тұрғындарға арнап газ баллондарын сұйық газбен толтыруды және автокөліктерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.