Қызылордада Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 27-28 қараша күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысады.

Жарыс ұлдар арасында 7 салмақ дәрежесінде (42, 46, 51, 57, 64, 72, +72 келі), қыздар арасында 3 салмақта (40, 44, 63 келі) өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар