Қызылордада табиғатты қорғау заңдылығын сақтамаған компания 1,5 млрд теңге төледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасы табиғат қорғау заңдылығын сақтамаған «СНПС-Ай Дан Мұнай» акционерлік қоғамынан мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам қаржы өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
None
None

Қызылорда облыстық прокуратурасы табиғат қорғау заңдылығы бағытында талдау шараларын жүргізді. Осының нәтижесінде 2016 жылы «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ сол уақытта жинауға, орналастыруға және сақтауға құқығы жоқ ұйымға өндірістік қалдықтарды бергені белгілі болды.

«Қадағалау актісіне сәйкес, мемлекеттік кіріс департаменті акционерлік қоғамға және қалдық өңдейтін мекемеге де 1,5 млрд. теңге көлемінде эмиссия төлемін жасау қажеттілігі туралы хабарлама берді. Аталған дерек бойынша екі жыл бойы АҚ-ға жолданған хабарлама бойынша сот талқылауы жалғасты. Бұл дауға қатысты 2018 жылдың 22 қарашасындағы Жоғарғы Соттың қаулысына сәйкес департаменттің әрекеті заңды деп танылды. Қосымша ақы мөлшері бюджетке толық төленді», - деп жазылған Қызылорда облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетке салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерін төмендеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 622 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар