Қызылордада таэквондодан Қазақстан Кубогы сарапқа салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде олимпиялық спорт түрлерінің бірі - таэквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Кубогын сарапқа салған жарыс болып өтті.
None
None

Сыр бойының бас қаласында еліміз Кубогы үшін 16 салмақ дәрежесі бойынша республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан келген саңлақтар шайқасты.

Жекелей есепте қызылордалық таэквондошылар әртүрлі жетістікті 5 медальге қол жеткізді. Өзінің салмағында қарсылас шақ келтірмеген Ақниет Садықова алтыннан алқа тақты. Күміс медальдарды Бану Мансұрова мен Олжас Әлібеков, қола медальдарды Бақытбек Мәдиев пен Асылбек Абзалов қанжығаларына байлады.

Турнирде командалық бірінші орынды Атырау облысының командасы жеңіп алып, Қазақстан Кубогын иемденді. Екінші орынға - Алматы, үшінші орынға Жамбыл облыстарының таэквондошылары шықты.

Соңғы жаңалықтар