Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10 сәуір сағат 17:35 шамасында облыс орталығында болған.

Полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабар түсті.

«Төбелестен біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының (бұзақылық) бойынша полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға байланысты күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысы Қазалы ауданында 6 сәуірде екі мектеп оқушылары арасында жанжал туындаған болатын.

Оған байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазалыда оқушыны ұрып-соғу оқиғасына байланысты полиция бастығы қызметінен алынады.


Соңғы жаңалықтар