Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай қазақ күресінен М. Шоқай атындағы республикалық турнир өтуде

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Кеше Ел тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында М.Шоқай атындағы дәстүрлі Республикалық турнир басталды.
None
None

Жарысқа еліміздің он төрт облысынан және көршілес Қырғызстан Республикасынан алты жүзге жуық жас палуан қатысып, жеті (42, 46, 51, 57, 64, 72, 81) салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған ауданын әкімі Қайратбек Сәрсенбаев еліміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығымен жиылған қауымды құттықтаса, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мұстафаев Садық жас палуандарға сәттілік тіледі. Турнирдің салтанатты түрде жабылуы мен жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.

Соңғы жаңалықтар