Қызылордада телекөпірге дайындық қызу жүргізілуде

Ал «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС-нің «Битум шығару зауытының құрылысы» резервте тұр.
Қазір телекөпірге дайындық шараларының жоспары және жауапты адамдар бекітілген. Әзірге белгіленген жұмыстар уақытылы орындалуда. Оған дейін спутниктік теледидар стансысы жеткізіліп, орналастырылады. Қазіргі таңда «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» ҰТК аймақтағы 6 индустриялық жоба бойынша бейнероликтер дайындап үлгерді. Олардың қатарында жоғарыда аталған жобалармен қатар «БИС», «Тасбұлақ», «Шалқия Неруд» және «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мұнай қалдықтарын өңдеу, сондай-ақ қиыршық тас өндірісі секілді жобалары бар. Сонымен қатар телекөпір кезінде «РЗА» АҚ-ның «Тауарлы-сүт фермасының құрылысы» және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мегажобасы бойынша камералар орналастырылады. Телекөпірде көрсетілетін жобалардың барлығы да мемлекеттік сараптаудан өтуі тиіс.