Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тергеу изоляторында отырған інісіне аяқ қиім табанына жасырып телефон өткізбек болған азаматша ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінде болды. Режим және күзет бөлімінің қызметкерлері аталған әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Телефон сотталғандарға тыйым салынған заттар қатарында саналады. «Тергеу изоляторында отырған азамат қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша қамауға алынған. Оған апасы осындай жолмен телефон өткізбек болған. Мекеме қызметкерлері тексеру кезінде аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған ұялы телефон, сим-карта мен қуаттағыш құрылғысын тәркіледі», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Құқы бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс-құжаттары Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.


Соңғы жаңалықтар