Қызылордада тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан әйел босанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан әйел босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан әйел босанды

Ол үшінші перзентін дүниеге алып келді. Азаматша алаяқтығы үшін 3 жыл 6 айға сотталған.

«Азаматша Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында босанып, үшінші перзентін дүниеге алып келді. Оны ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.