Қызылордада терроризмнен қорғану талаптары сақталмаған нысандар анықталды

Қызылорда облыстық полиция департаменті бірқатар нысандардың терроризмнен қорғанысына тексеру жүргізген еді. Аталмыш мақсатта «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары басты назарда болды.
«Аталмыш тексеру жұмыстары нәтижесінде заң талаптарына сәйкес келмейтін нысандар анықталды. Осыған сәйкес, 31 нысанның басшысы сот органдарының шешіміне сәйкес жауапқа тартылып, оларға 27 млн теңгеге жуық айыппұл салынды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің хабарлауынша, бұл бағытта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 149-бабы қаперге алынды. Соның салдарынан аталмыш нысандарда өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздіктің тиісті деңгейде сақталуы жөніндегі міндеттер талапқа сай орындамалған.