Қызылордада төлем қабылдайтын 3 терминалды ұрлаған жігіт ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада төлем қабылдайтын 3 терминалды ұрлаған түркістанық жігіт қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Полицияға хабарласқан мекеме басшысы өздеріне тиесілі үш терминалдың ұрланғандығы жөнінде арызданды. Белгісіз азамат қала орталығында орналасқан дәріханалардағы 3 терминалды алып кеткен. Ол сол дәріхана қызметкері немесе күзетшіге өтініш айтып, терминалды сыртқа шығаруға көмектесуді сұраған.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол үш бірдей қылмысты өзі ұйымдастырған. Ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Шығын көлемі есептелуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада суицид жасамақшы болған әйел құтқарылды.


Соңғы жаңалықтар