Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып қалды

None
Фото: Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар басқармасы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып, біреуінің алдыңғы бөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 маусымда сағат 22.25-те Абай көшесінің бойында автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабарлама 101 пультіне келіп түсті.

«Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 техника мен 7 қызметкер шықты. Олар 22.29-да оқиға орнына жетті. Көше бойында 4 автокөліктің соқтығысуынан «Toyota Estima» автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігі жанған. Автокөлікке газ орнатылғаны анықталды. Өрт 22.45-те толығымен сөндірілді. Адамдар аман», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар
telegram