Қызылордада төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде төтенше жағдай режимін бұзды деген айыппен 220 азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оның 7-не ескерту берілсе, 37-не айыппұл салынды, 136-ы әкімшілік қамаққа алынды.

Ал ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін аталған кодекстің 488-бабы бойынша 88 азамат анықталды. Бұл бойынша сот шешімімен 1-не ескерту, 3 айыппул, 72 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік жаза қарастырылған.

«Облыс тұрғандарына айтарымыз, жалған ақпараттарды тарату деректерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Арандатушыларды анықтау жұмыстары тұрақты назарда. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада әскери жүк көлігімен нысандарды қиратқан адам ұсталды.



Соңғы жаңалықтар