Қызылордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Тасқа басылған тарихтың көші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада оқу залы секторының ұйымдастыруымен Назарбаев оқулары апталығы аясында «Тасқа басылған тарихтың көші» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Онда қазақстандықтардың жетістікке жету жолдары, Ұлт көшбасшысының өмір жолы, ғылыми әрі саяси ізденістері талқыланды. Шараға Абылай хан атындағы колледж студенттері қатысты. Колледж оқытушысы Жансая Әбиева сөз сөйлеп, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бахытжан баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар