Қызылордада тұрақтандыру қорын толықтыруға 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тұрақтандыру қоры мен халықты арзан өнімдермен қамтамасыз ету бағдарламаларының серіктестері әлеуметтік дүкендер арқылы сатылатын азық-түліктерді дайындады, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

«Бізде мұндай он екі дүкен бар, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дәуірбек Әбуов. - Онда тауарлар, ең қажетті азық-түліктер қысы-жазы үзілмейді. Тұрақтандыру қорына өндірушілердің бағасымен қант, көкөністер, күріш, май сатып алынуда, олар әлеуметтік дүкендер арқылы төмен бағамен үлестіріледі. Қазір тұрақтандыру қорында құс еті мен макарон жеткілікті». Қызылордада тұрақтандыру қорын толықтыруға биыл 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. «50 тонна құс еті, 340 тонна қант, 500 тонна картоп, 1000 тонна пияз, 500 тонна сәбіз сатып алынды», - деп толықтырды Д.Әбуов.

Соңғы жаңалықтар