Қызылордада тұрақты Жол картасы аясында 452 жұмыс орны сақталады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында тұрақты 452 жұмыс орны сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған бағдарлама бойынша облыста түрлі салада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылды. Нәтижесінде 9 мыңнан астам азамат еңбекпен қамтылды. Мамандар бағдарлама толық аяқталғаннан кейін де тұрақты 452 жұмыс орны сақталатынын айтады.

Қазір облыста 276 инфрақұрылымдық жоба іске асып жатыр. Бұл мақсатта 36,9 млрд. теңге қаралған. Сол арқылы әлеуметтік саладағы көптеген нысан қайта жөнделуде. Бағдарлама 4 ірі бағыттағы сала бойынша қарқын алды. Атап айтқанда, әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеуге 12,3 млрд. теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде, білім беру саласында 52, денсаулық сақтау бағытында 30, мәдениет саласында 22, спорт бағытында 21 нысан жөндеуден өтеді.

Ал, инженерлік-көліктік инфрақұрылым бағытында 14,5 млрд. теңге қаралып, ол бойынша 62 жоба іске асады. Елді мекендерді аббаттандыру ісі де жанданады. Бұл бағытта 47 жоба қолға алынған.

Ауқымды бағдарлама негізінде тұрғын үй-коммуналдық нысандар да қайта жөндеуден өтуде. Айталық, бұл бойынша 42 жобаға 7,5 млрд.теңге қаралып, жұмыссыз жүрген 1127 еңбекпен қамтылды.

Осындай игілікті істер Жалағаш ауданында да кеңінен өріс алып отыр. Жергілікті тұрғындар кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп келеді. Әсіресе «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында өз ісін өрістетіп, пайдаға кенелгендер жетерлік.

Аталған бағдарлама аясында Ләззат Карипова 10 млн теңге несие алды. Медицина саласында жиырма жылға жуық тәжірибе жинақтаған ол осыдан 3 жыл бұрын аудан орталығынан «Ақ-Сұңқар» клиникасын ашқан болатын. Бұған дейін аудандық орталық ауруханада қызмет атқарған ол осылайша жеке клиника жұмысын бастап кетті. Уақыт өте келе емхана қызметін пайдалануға ниет білдірген адамдар саны артты. Кейін науқастардың сұранысына сай көрсетілетін қызмет түрлері көбейді. Медициналық нысандар жаңа заманауи аппараттармен толықты. Бұл мақсатта мемлекеттік бағдарламамен несие алады.

Аталған медициналық нысан қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Ақ-Сұңқар» клиникасы 2018 жылдан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен арада жасасқан шартқа сәйкес халыққа тегін қызмет көрсетіп келеді. Яғни мұнда ересек адамдар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі арқылы тегін ем алуда.

Аталған клиникада 2018 жылы 600-ге жуық науқас тегін ем алса, былтыр 623 науқасқа тағы да тегін әрі сапалы ем жүргізілген. Жеке клиниканың басшысы биыл 700-ге жуық адамды емдеуді жоспарлап отыр.

«Біз «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен жасасқан келісімшарт аясында халыққа тегін ем жүргізуге де көңіл бөлеміз. Яғни біздің клиникадан аудан тұрғындарының күндізгі стационарда тегін ем алуына болады» , - деді клиника басшысы.

Сондай-ақ, Қызылорда жастары мұқтаж отбасылардың балаларына компьютер құрастырады.


Соңғы жаңалықтар