Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, екі адамды күйік шалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі тұрғын үйде өрт шығып, екі адамды түрлі деңгейде күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, екі адамды күйік шалды

Өрт салдарынан 46 жастағы азаматтың денесінің 5-10 пайызын күйік шалып, жағдайы орташа деп есептелді. Ал, 20 жастағы жігіттің денесінің 50-60 пайызы жарақаттанып, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

«Жарақат алған азаматтар облыстық медицина орталығына жатқызылды. Дәрігерлердің қарауынан кейін 1974 жылғы азамат үйіне қайтарылды. Өртенген үй тұрғындары уақытша туыстарының үйіне орналастырылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.

Бұдан бұрын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тұрғын үй отқа оранғанын жазған болатынбыз.