Қызылордада ұлтаралық келісім мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында мемлекеттік ұлттық саясат пен конфессияаралық қатыныстарды нығайту жөнінде семинар өтті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинарда облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов қаралған мәселенің маңыздылығына тоқталды. Облыста 9 этно-мәдени орталық жұмыс жасайды. Сондай-ақ 164 діни бірлестік филиалы, 144 діни ғибадатхана бар екен.

Аймақтағы ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтап, нығайту атқарушы органдар жұмысында басым бағыттар болып табылады. Семинар барысында ауыл әкімдерінің саяси сауаттылығын арттыра түсу бағытында бірқатар лекциялар оқылды. Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі бағыттары мен оны жүзеге асырудың тетіктері" тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Асылбек Жұмабаевтың, "Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары мен ислам діні қағидаларының ұштасуы - қоғам тұрақтылығының кепілі. Олардың қазіргі идеологиялық басымдықтармен үйлесімділігі туралы" облыстық  ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Нұрхан Жәлиевтің, "Дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың сипаттамасы және негізгі мақсаттары" жөнінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Бақтияр Оспанов әңгімеледі.

Соңғы жаңалықтар