06:15, 20 Тамыз 2019 | GMT +5
Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясысының облыстық филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қолға алынған. Мақсаты - тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау, орта ғасырлық қалалар, музейлер, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер мен кесенелер тарихымен танысу арқылы осы заманға келіп жеткен этнографиялық мұраларды насихаттау.