Қызылордада волейболдан дәстүрлі республикалық турнир мәресіне жетті (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 11-14 ақпан аралығында Арал қаласында Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
None
None

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 29 команда (ұлдар 14, қыздар 15 команда) 300-ге жуық спортшы қатысты.

Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында Шиелі ауданының командасы қатарынан 3 мәрте турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орынды Ақтөбе облысы Байғанин ауданының құрама командасы иеленсе, үшінші орынды Арал ауданының командасы еншіледі. Қыздар арасында Ақтөбе облысы Хромтау қаласының спортшылары мықтылықтарын дәлелдесе, күміс жүлде Сырдария ауданына, қола жүлде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының командасына бұйырды.

Турнирдің үздіктері:

Ұлдар арасында

Үздік қорғаушы - Мамыр Алғиұлы (Байғанин ауданы)

Үздік байланыстырушы - Аят Рамазанұлы (Шиелі ауданы)

Үздік шабуылшы - Жандос Шамранов (Арал ауданы)

Қыздар арасында:

Үздік қорғаушы - Әмина Жұманова (Арал ауданы)

Үздік байланыстырушы - Сандуғаш Жолмырза (Хромтау қаласы)

Үздік шабуылшы - Гүлсім Кеңесбекова (Сырдария ауданы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубоктармен марапатталса, номинация иегерлеріне диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар